Орман шаруашылығы қызметкерлері мерекесіне орай үздік қызметкерлер марапатталды

«Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысы «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ басшысы Жүнісхан Әлімбековтің бастамасымен арнайы жиын өтті.

Атаулы мерекені арқау еткен басқосуда кәсіподақ жұмыстары сөз етіліп, әрі қарай мерекеге орай кәсіпорында еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне құттықтау сөзімен, марапаттарды табыстаумен жалғасты.

Орман шаруашылығына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбектері үшін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Шора Ерназаров, Ерлан Сәмет марапатталды. Құрмет грамоталары Мади Әлімханов, Айбек Ганиев және Алхыс хат Шакизат Оспанбековаға табысталды.

Кәсіпорында 72 адам жұмыс жасайды. Барлығы 100 пайыз кәсіподақ мүшесі. Кәсіподақ төрағасы – Ғани Кентаев.