Павлодар облысында Медиация мектебі ашылды

Павлодар облысы кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері Медиация мектебіне алғаш рет келді.

Мектеп “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану” әлеуметтік мемлекеттік жобасын іске асыру шеңберінде “МИР” өңіраралық Медиация орталығы” жекеменшік мекемесімен ашылды.

Тренер-медиатордың, “МИР” өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ директоры, “Қазақстан заңгерлер одағы” РҚБ Павлодар филиалының төрайымы, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының Басқарма төрайымы Салтанат Қайдарованың жетекшілігімен сабақтар онлайн оқыту форматында он күнге созылады.

Павлодар облысы кәсіпорындарының кәсіподақ активінің өкілдері үшін кәсіби медиатор мәртебесін алу қажет болып табылады, өйткені еңбек дауларында қызметкерлердің қорғау функциясын жүзеге асыру – кәсіподақтар қызметінің басым бағыты.

Еңбек дауын бейбіт жолмен шешу үшін сан алуан мүмкіндіктерді іске асыру Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің татуластыру орталығы жұмысының мақсаты болды. 2018 жылы ашылған күннен бастап 3000-нан астам азамат заңгерлік кеңес алды, Медиация туралы 758 келісім жасалды. Орталық медиаторларының жұмыс тәжірибесі кәсіподақ алаңында азаматтардың түрлі өмір салаларымен байланысты әлеуметтік даулардың барлық түрлері табысты қаралып жатқанын көрсетті.

Медиаторлар мектебінде оқыту, оның нәтижелері бойынша 35-тен астам қатысушы кәсіби медиатор мәртебесіне ие болады, медиатордың қатысуымен еңбек ұжымдарында еңбек дауларын медиация арқылы шешуге мүмкіндік береді.