ҚРКФ төрағасы қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан және жеке өз атымнан 7 қарашада «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты Абай кенішінде қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Кенеттен болған апаттың адам шығынына әкелгені  бізді қатты қынжылтты.  Шахтада болған қайғылы оқиға алты кеншінің өмірін қиды.

Олардың отбасыларының орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Кәсіподақтар федерациясы оқиғаны тергеуге қатысады.

Біздің «Қорғау» көміршілер кәсіподағының өкілдері Юрий Ильиннің жетекшілігімен Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілігімен құрылған комиссия құрамында сол жерде жұмыс істеуде.

Біз қайғылы оқиғаның себептерін объективті түрде зерттеуге бар күшімізді саламыз.

Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына кәсіподақ желісі арқылы моральдық және материалдық көмек көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Сатыбалды Дәулеталин