Ақсу қалалық ауруханасының жарты ғасырлық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілді

Ақсу қалалық ауруханасының ұжымы емдеу орнының құрылғанына 50 жыл толуын атап өтуде.

Ақсу қаласының қалалық ауруханасы – Ақсу өңірінің тұрғындарына стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін көпбейінді медициналық кәсіпорын, оның құрамында 180 төсектік тәуліктік стационар, ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана, 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 10 медициналық пункт бар.

Отбасылық денсаулық орталығының құрамында – 47 учаске, оның ішінде 36 жалпы дәрігерлік практика учаскесі, 6 терапевтік және 6 педиатриялық учаске бар.

Бес онжылдық бойы аурухана қызметкерлері өңір тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетіп келеді. Дәрігерлер өздерінің практикалық қызметінде жаңа технологияларды енгізе отырып,  хирургиядағы, урологиядағы, гинекологиядағы эндобейнехирургиялық операциялардың түрлері мен көлемдерін кеңейту, травматологиядағы жоғары технологияларды пайдалана отырып операциялар көлемін кеңейту, босандыру мен балалық шақта тиімді перинаталдық технологияларды енгізу сынды диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолданады.

Аурухананың қалыптасуына бірнеше буын мамандарын тәрбиелеп, аурухана ардагерлері зор үлес қосты. Олардың бай тәжірибесі, білімі мен қажырлы еңбегінің арқасында осы жылдар бойы Ақсу өңірі мен облыстың денсаулық сақтау саласы құрылып, қолдау тапты.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова аурухана ұжымы мен ардагерлерін аурухананың құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтады.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ұйымшыл ұжым игі іске – Ақсу өңірі халқының өмірі мен денсаулығы үшін күреске қызмет етіп келеді. Аурухана ғылым мен тәжірибенің негізінде өз іргетасын қалап, медицина қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелей алды. Осы жылдар ішінде лайықты беделдің негізінде олардың кәсібилігі, терең жауапкершілік сезімі және өз міндетіне берілгендігі жатыр.