“Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподағының төрағасымен кездесу өтті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова Павлодар мұнай-химия зауытында жұмыс істейтін “Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподақтын ҚБ төрағасы Мирас Хамитовпен кездесті.

Зауытта белсенді әлеуметтік саясат жүргізіледі, жұмыскерлердің еңбегі, тұрмысы мен сауықтырылуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

“Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподақ” ҚБ құрамында 1156 кәсіподақ мүшесі – “Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС жұмыскерлері бар, техникалық инспекторлар саны – 56 адам, өндірістік кеңес құрылды.

“Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС-де 2019 жылғы 24 желтоқсанда 2024 жылға дейін қолданылу мерзімімен қабылданған ұжымдық шартта жұмыскерлер, жұмыс істейтін әйелдер, жастар және еңбек ардагерлері үшін жеңілдіктер бар.

Жергілікті кәсіподақтың төрайымы Татьяна Васькина болды, белсенді кәсіподақ қызметі үшін 2021 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін” медалімен марапатталды. 2021 жылғы қазанда өткен жалпы жиналыста “Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподақ” ҚБ жаңа төрағасы болып Мирас Хамитов сайланды.

Динара Айтжанова Мирас Хамитовпен және Татьяна Васькинамен кездесуде жергілікті кәсіподақтың ағымдағы қызметін, кәсіподақтарды дамытудың басым бағыттары туралы талқылады және бірлескен кәсіподақтық қоғамдық қызметтің нысандарын анықтады.

Кездесу соңында кәсіподақ қозғалысын дамытуға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін Татьяна Васькина “Қазақстан Республикасының химия, мұнай химиясы және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ төрағасы С.Қалиевтің атынан Құрмет грамотасын табыстады.