Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды

Қызылорда қаласында №3 қалалық емхана филиалы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ашылды.

Орталықтың ресми ашылуына облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қатысып, жаңа орталық жұмысына сәттілік тіледі. Ауысымына 50 адам қабылдауға арналған, заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген орталыққа тіркелген жалпы халық саны 12 166 адамды құрап отыр.

Орталықта 47 медициналық қызметкер, оның ішінде 11 дәрігер, 31 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды.