Мейірімділік мекенінде мерекелік шара өтті

Қызылорда облысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада орталық қызметкерлері ән-биден өнерлерін ортаға салып, шара қатысушыларына ерекше көңіл-күй сыйлады. Шарада «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Құрмет грамотасы орталықтың кәсіподақ ұйымы төрайымы Айгерім Шалбаеваға табысталды. Сонымен қатар, салалық кәсіподақтың облыстық филиалы Алғыс хаттарымен кәсіподақ мүшелері, орталық қызметкерлері Айнакүл Ерімбетова, Азамат Садықов, Қонысбек Әтеев, Эльвира Бадретдинова, Бауыржан Сапаков марапатталды.

Орталық стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, 3 жастан 18 жасқа дейінгі қызмет алушыларды қабылдау және сауықтыру және әлеуметтік оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады. Бүгінгі күнге орталықта 205 қызметкер жұмыс жасайды.