Қызылордалық мұғалімдер республикалық спартакиададан жүлделі оралды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі “Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы” ұйымдастыруымен 2-6 қараша күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ІІ Республикалық мұғалімдер Спартакиадасы өтті.

Спартакиада аясында шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыстар болып өтті.

Қызылорда облысының ұстаздарынан құралған команда спорттық доданың барлық түрлерінде жақсы нәтижелер көрсетті. Республиканың барлық өңірлері мұғалімдері қатысқан спартакиадада жалпы командалық есепте жүлделі сырбойылықтар ІІІ орынды иеленіп, елге жүлделі оралды.