Ұстаздарға жолдама берілді

Әйтеке би ауданының білім саласында 30 жыл еңбек еткен ұстаздар мен республикалық, облыстық білім сайыстарында топ жарып жүрген тәуелсіздік құрдастары Ақтөбе қаласындағы “ЮКОН” сауықтыру орталығында демалып, әртүрлі емдік процедуралар қабылдауда.

Бұл – аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай педагогтарға жасаған тартуы.

Демалушылар: «Кәсіподақ ұйымы тарапынан көрсетілген осындай қолдау бізге тың серпін сыйлап, жаңа мақсаттарға жетуге жігерлендіреді. Осындай жақсы демалысты ұйымдастырған облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымдарына рахметімізді білдіреміз», – деген алғысын жеткізіпті.