Ауыл шаруашылығы саласы ардагеріне құрмет көрсетілді

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Толыбай Жүсіпов ауыл шаруашылығы саласының ардагері Әлиев Жақсылық Әліұлын мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтады.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы ардагерге жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында атқарған жемісті жұмыстары мен кәсіподақтар жүйесіндегі елеулі еңбегі үшін алғыс білдіріп, мерейтой иесіне салалық кәсіподақ тарапынан сый-сияпаттар табыстады.

Әлиев Жақсылық Әліұлы 1951 жылы Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «Ғалым-агроном» мамандығы бойынша аяқтаған ол еңбек жолын өзінің туған ауылында агрономдықтан бастаған. Бүкіл еңбек жолын өз елінің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған Жақсылық Әліұлы кейінгі жылдары Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған, қазіргі таңда ол Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атанған.