Медиация дамуы – заман талабы

2021 жылғы 10 қарашада Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі алаңында медиацияны қолдану арқылы еңбек дауларын шешу тәжірибесімен кәсіби медиатор, заңгер Виктория Кузнецова бөлісті. В.Кузнецова Павлодар облыстық заң консультанттары палатасының заң консультанты, “МИР” өңіраралық медиация орталығының кәсіби медиаторы болып табылады. Заңгер ретіндегі заңгерлік практиканың өтілі 10 жылдан астам, медиативтік практиканың өтілі бес жылдан астам.

2021 жылғы 30 шілдеден бастап Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы, Павлодар облысының Әділет департаменті, Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және “Мир”өңіраралық Медиация орталығы” жеке мекемесі арасындағы әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот актілерін орындау сатысында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жұмыс тобының құрамына қабылданған Келісімді орындау бойынша кәсіби медиатор ретінде енгізілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруы бойынша В.Кузнецова “Татуласу орталығында” азаматтарды қабылдады, оған қойылған барлық сұрақтарға, оның ішінде 87088614656 жедел желіге келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қабылдау аясында медиатор В.Кузнецовамен “Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, құрылыс кешені және қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрайымы Н.Каримова, кәсіподақ қызметінде мол тәжірибесі бар және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының” жетекшісі, еңбек дауларына қатысушыларды медиация арқылы татуластыруда оң тәжірибесі бар М.Иванова кездесті.

Әңгімелесу барысында кәсіподақ өкілдері келісім комиссиясы мүшелерін оқыту, дауларды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиацияны зерделеу бойынша дөңгелек үстелдер мен диалог алаңдарын өткізу туралы айтып берді.

Қабылдау аясында жүгінген шағын бизнес қызметкері медиация тәртібі, медиация принциптері туралы кеңес алды. Медиатордың жауапкершілігі және Медиация туралы Келісімді орындау туралы айтты.

Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметкерлерінің еңбек саласындағы татуласу мәселелері жөніндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің сенім телефонына келіп түскен өтініштер екі тараптың келісімімен медиация рәсімін өткізу мүмкіндігін айқындау үшін ерекше бақылауға алынды.

Азаматтарды қабылдау және медиация рәсімін жүргізу мәселелері бойынша медиатор В.Кузнецовамен ынтымақтастық жүйелі негізде жалғасатын болады.