Аудан тұрғындарымен кездесті

“Nur Otan” партиясының облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттары Серік Сәдуақасов, Динара Айтжанова, Гульмира Нұрханова Железин ауданына іс-сапармен барды.

Депутаттар Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимовпен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасының іске асырылу бойынша бірнеше нысандарды аралады. Железин ауданының Башмачное ауылындағы су құбырына, ауылішілік жолдарға және Башмачное ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жасады.

Башмачное ауылындағы су құбырының құрылысы “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Жобаның құны – 892 млн. тг. Су құбыры желісінің ұзындығы – 24,7 км. Құрылыс жұмыстары орнатылған уақытынан бұрын аяқталып, ауылдың 308 үйі таза ауыз суымен қамтамасыз етілді.

Башмачное ауылындағы ұзындығы 3,3 км (Б.Момышұлы көшесі, Абай көшесі , Целинная көшесі) кентішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, халықтың қолданысына берілді. Жол жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 111258,560 млн теңгені құрады.

“Башмачное ЖББОМ” КММ ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары Ауыл-ел бесігі бағдарламасының аясында тамыз айында аяқталып, қолданысқа берілген. Жобаның құны 57 млн.тг. құрады.