Ұстаз – ұлы тұлға

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Қазақстандық салалық білім және білім қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы қазіргі таңға дейін Шобанақ жалпы орта мектебінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен, өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен, ұстаздық жолын көрсететіп жүрген Рисмет Досановты құрметті зейнетке шығару салтанатты рәсімін өткізді.