Өңірлік даму қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 12 қарашада Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанованың төрағалығымен “Nur Otan” партиясы жанындағы облыстық Өңірлік даму қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы және қаланы одан әрі дамыту және абаттандыру мәселелері туралы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Қадиша Беготаеваның ақпараты тыңдалды.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жаутықбаевтың баяндамасы Павлодар облысына инвестициялық жобаларды іске асыру және инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы талқыланды. Осы мәселе бойынша жарыссөзде Павлодар облысы бойынша “Kazakh Invest” ҰК” АҚ өңірлік директоры Асқар Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша пікірталас өтті, Кеңес мүшелері өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, кәсіпорынға барып, жекелеген инвестициялық жобалармен толығырақ танысу ұсынысы қолдау тапты.