Комиссия «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерінің мәселелерін қарастыруға кірісті

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымдарының мәселелерін шешу жөніндегі келісім комиссиясының кезекті отырысы өтті.


Отырыста нормативтік сан және штат кестесі, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау, жазатайым оқиғаларды тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу, қызметкерлерді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахтасына тасымалдау үшін техникалық жарамды және тиісті санитарлық нормалар мен ауа райы жағдайлары сай автокөлікпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Алдағы күндері: aғымдағы жылдың сенбі – 13 қараша және жексенбі-14 қараша күндері Комиссия еңбек демалысы, еңбек сіңірген жылдары үшін сыйақы және он үшінші жалақы мәселелерін, сондай-ақ алдағы жылдарға тау-кен металлургия компаниясының барлық қызметкерлеріне: «Өркен» ЖШС металлургтеріне – көміршілер – кеншілеріне жалақыны ұлғайту және біржолғы индекстеу төлемдері мәселелерін қарастыратын болады.

#kasipodaqkz #БКҰ21 #kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚалыңҚалайБастауыш #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы