Батыс Қазақстан облысында білім саласы кәсіподақ мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, маман Гүлзат Бралина «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарына қалалық білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымдарының Келісу комиссиясы мүшелері – 200-ден астам жұмыс берушілер мен жұмыскерлерінің өкілдері қатысты.
Райхан Қыдырбаева мемлекеттік және орыс тілдерінде слайд пайдаланып, еңбек саласында кездесетін кейбір еңбек қатынастарынан мысалдар келтіре отырып, тақырыпты аша түсті.

Семинар барысында келісім комиссиясымен жеке даулар бойынша шешімдерді шығару мен олардың орындалу тәртібі, жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері туралы сұрақтар қаралды. Барлық семинарға қатысушыларға ҚР еңбек заңнамасы мен келісім комиссиясы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.