Заң клиникасының филиалы «Дәнекер» жобасына үлес қосуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен ҚР Ардагерлер ұйымы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Заң клиникасының филиалы «Дәнекер» жобасына қатысып, өз үлестерін қосуда.

Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының қатарында 2 миллионға жуық жұмысшылар болса, Ақтөбе облысында 130 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар.

Сондықтан Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап, оларға тегін заңдық көмек беру.

Ал «Дәнекер» жобасының мақсаты – тәжірібисі мол, білімді, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызға жетік ақсақалдар арасынан билер кеңесін құрып, халыққа құқықтық кеңестер беріп, сотқа дейін татуласу рәсімдерін өткізу.

«Дәнекер» жобасы аясында соттардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Заң клиникасының жетекшісі бірлесіп, жұмыс жасау мақсатында ұсыныстар айтып, кәсіподақтар орталығының жанындағы «Татуласу орталығын» алаң ретінде пайдалану мүмкіншілігін жеткізді.

Өз кезегінде «Дәнекер» жобасының жетекшісі Заң клиникасының филиалына алғысын білдіріп, осы дөңгелек үстелдің нәтижесі тараптарды бітімге бірге шақыртуға себепші болатынын айтты.