Әлеуметтік әріптестік аясында кездесу өтті

Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік аясында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов пен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Толыбай Жүсіповпен кездесті.

Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қатысты.

Кездесу барысында облыстағы су тапшылығы мен қуаңшылық салдарынан туындайтын күрделі мәселелер туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, осы мәселелерге байланысты ауыл шаруашылығы саласы жұмыскерлерінің әлеуметтік-еңбек жағдайларындағы сын-тәуекелдер талқыланды.

Кездесу соңында әлеуметтік еңбек қатынастары саласында өзара тиімді байланысты орнатудағы ынтымақтастығы үшін облыс әкімінің орынбасары Б.Жахановқа және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Т.Дүйсебаевқа «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгілері табысталды.