№ 2 Балалар музыка мектебінің ұжымына еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді

Кездесуге «Әділет» кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, № 2 балалар музыка мектебінің директоры Владислав Ли және мектептің кәсіподақ мүшелері қатысты.

Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ұжымдық шартты жүзеге асыру, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, ұйымда мәдени іс-шаралар өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді.

Өз кезегінде «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге, оның ішінде әдіскерлерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін түсіндірді.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы Салалық келісім, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағы арасындағы Аумақтық келісім және ұжымдық шарттардың нормалары түсіндірілді.

Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.