Кәсіподақтық онлайн білім марафоны Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жалғасты

ҚРКФ онлайн білім марафоны аясындағы кезекті семинар Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кәсіподақ активіне арналды.

Семинарды ашқан ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев марафонның арқасында кәсіподақ белсенділерін жаппай оқытудың дамып келе жатқанын, қызметінің өзекті мәселелері бойынша оң тәжірибені кеңінен таратудың және кәсіподақ мүшелері арасында әлеуметтік әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар аясында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова қатысушыларға Еңбек кодексі нормаларының ұйымдардағы ұжымдық шарттарда іс жүзінде қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді.

Ол ең алдымен ұжымдық шарт жасасудағы жұмыс әдістеріне тоқталды.

«Ұжымдық шарт жұмысшылар өкілдері өзара келісімге келген кезде жасалады. Бұл әлеуметтік әріптестіктің екі жақтың да мүддесін көздейтін өте жауапты жұмыс. Ұжымдық шарттың нормалары арқылы жұмыс беруші жұмысшыларды еңбек міндеттерін сапалы орындауға және еңбек тәртібі ережелерін қатаң сақтауға ынталандырады», – деді Людмила Голенкова.

Сонымен қатар ол ұжымдық шарт мазмұнының негізгі аспектілеріне тоқталды.

«Ұжымдық шарт еңбек заңнамасындағы олқылықтарды жоюы керек», – деп түсіндірді спикер.

Павлодар облысындағы АКБ жанындағы Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова өз кезегінде қатысушыларды еңбек дауларының соттарда шешілу тәжірибесімен таныстырды.

«Біздің мақсатымыз –сот тәжірибесімен танысу. Біз әрқашан шешім заңды күшіне енген еңбек дауларын ғана зерттейміз», – деді Мария Иванова.

Ол Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты соңғы үкімін шығарған қашықтықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек дауына кеңінен тоқталды.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақтар қызметіндегі жобалық тәсілдің ерекшеліктерін сөз етті.

Ол жобалық менеджментті дамытудың негізгі тенденцияларына, заманауи жобаларды басқару жүйесін қалыптастыруға тоқталып, Кәсіподақтар федерациясының тәжірибесімен таныстырды.

«Оқу курсы әлеуметтік-еңбек саласындағы жобаларды басқаруға бағытталған. Жобаларды басқару аясында икемді және бейімді тәсіл қолданылады, оның көмегімен жобаның көлемі мен ауқымына қарамастан кез келген жобаны тиімді басқаруға болады», – деді Нұрлан Өтешев.

Жиын қорытындысы бойынша Қызылорда облысының кәсіподақ орталығының бас маманы Майра Боранбаева ҚРКФ марафонының күнделікті кәсіподақ жұмысындағы ерекше маңыздылығын атап өтіп, қатысушылар атынан ұйымдастырушылар мен лекторларға алғысын білдірді.