Кәсіподақ жетекшісі қоғамдық кеңес отырысына қатысты

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.

Жиында Жол картасына енген мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 150 орындық оңалту орталығын салу туралы, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық басқармалардың басшылары тыңдалды.

Қазір Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 150 орындық оңалту орталығының құрылысына 5,0 га жер бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Құрылыс нысаны облыстық қоғамдық кеңестің бақылауында болады. Кеңес отырысының соңында басқарма басшыларына тапсырмалар берілді.