Кәсіподақ қозғалысының ардагер ұстаздары “Менің жылдарым – менің байлығым!» атты байқауға қатысты

Барлық санитарлық нормаларға сәйкес “Радуга” орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шарбақты аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының филиалы ардагер педагогтар арасында “Менің жылдарым – менің байлығым!” атты сайыс ұйымдастырды.

Көрермендер ән салып, бақытты жүздерімен бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Жиналған ардагерлер барлық қатысушыларды ду қол шапалақпен қолдап отырды.

Байқауға барлығы 9 ардагер қатысты. 1 орынды “Отан” командасы, 2 орынды “Огонек” командасы, 3 орынды “Достық” командасы иеленді.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шара достық шай ішумен аяқталды. Ардагерлер өз әсерлерімен бөлісіп, алғыс сөздерін айтып, келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Шарбақты ауданының педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Үміт Жармакина, Шарбақты ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы  Светлана Шпехт, жастар кеңесінің мүшесі  Кабдрашит Каирханов және “Радуга”орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.