Көңілді тапқырлар алаңы көрермен көңілінен шықты

Біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында “Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ҚБ филиалы Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп, Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің базасында қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің жас педагогтерінің командалары арасында “КТК – 2021” қалалық конкурсының финалын өткізді.

Байқаудың мақсаты – КТК жастар қозғалысын дамыту, кәсіби қалыптасуына, өзара іс-қимыл жасауға және жұмыс тәжірибесімен алмасуға ықпал ету.

КТК финалы кәсіби шеберліктің нағыз мерекесіне айналды. Байқауға № 2, 14, 15, 17, 24, 29, 34 мектептерден 10 команда қатысты. Командалар өз сөздерінде мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін білетіндігін көрсетті.

Қатысушылар білім беру жүйесіне өз көзқарастарын креативті және ерекше түрде ұсынды, шығармашылық пен қиялын көрсетті, өздерінің поэтикалық және вокалдық қабілеттерін пайдаланды.

Құзыретті қазылар алқасының құрамында білім беру бөлімінің, кәсіподақтың өкілдері, мектеп директорлары мен КТК-қозғалысының көшбасшылары бар.

Қызу финал жеңімпаздарды анықтады. “КТК – 2021” финалының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Жүлде қоры 950 мың теңгені құрады.

Білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сабира Сеитова КТК финалының барлық қатысушыларына және командаларды конкурсқа дайындауға белсенді қатысқан мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына алғыс айтты.