Үздіктерді баптаған ұстаздарға демалыс ұйымдастырылды

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан 597 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

Ерекше үлгідегі аттестатты иеленіп, өз білімдерін дәлелдеген жастарды баптауда ерекше еңбек сіңірген Қызылордалық ұстаздарға арнайы демалыс ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен мектептегі оқу тоқсаны аралығындағы күзгі демалыс күндерінде облыстан 301 мұғалім сауықтыру орындарында демалды.

«Біркөлік» шипажайында денсаулықтарын нығайтып келген мұғалімдер жаңа оқу тоқсанына ерекше көңіл-күйде кірісті. Салалық кәсіподақтың облыстық ұйымымен демалысқа барған мұғалімдер арасында көңілашар кештер мен мәдени шаралар да ұйымдастырылды.