Ауыл шаруашылығы еңбек ұжымдары құттықтауларды қабыл алады

“Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма Александр Алексеевич Теренченконың басшылығымен “Ақтоғай-АГРО” фирмасы ЖШС еңбек ұжымын құттықтады.

Серіктестік Павлодар облысын картоппен қамтамасыз етеді. Бас инженер Виктор  Дубовицкий кәсіподақ марапаты – “Елеулі еңбегі үшін” медаліне ие болды, үздік қызметкерлер салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

2021 жылғы 14 қарашада “Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің “Қазсушар” ШЖҚ РМК Павлодар филиалының еңбек ұжымын құттықтады.

Кәсіпорын басшысы Жұмағелді Қожанов “Елеулі еңбегі үшін” медалімен, салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Май ауданында ветеринарлық станцияның бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің төрайымы Анна Балабанова “Елеулі еңбегі үшін” марапатына ие болды, оны Май ауданының әкімі салтанатты түрде табыс етті.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек ұжымдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай құттықтауларды қабылдауды жалғастыруда.