Әйел құқығы – адам құқығының ажырамас бөлігі

Салалық, жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының өкілдері Қазақстандағы “БҰҰ-әйелдер” құрылымының Гендерлік теңдік туралы қысқаша шолуын (UN Women Country Gender Equality Brief) әзірлеу шеңберінде ұлттық әріптестермен және азаматтық қоғам ұйымдарымен онлайн кездесуге қатысты.

“БҰҰ-әйелдер” – Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы, гендерлік теңдік мәселесінде БҰҰ жүйесінің жұмысын үйлестіретін жетекші орган.

Кездесу қатысушыларына Қазақстандағы “БҰҰ – әйелдер” құрылымының өкілі Мария Доценко сөз сөйледі.

Кездесу модераторы экономика ғылымдарының кандидаты А.Ильясова гендерлік теңдік бойынша қысқаша шолуды ұсынды, оның қорытындыларын кездесуге қатысушылар талқылады.

“Гендерлік теңдік бойынша қысқаша шолуда көрсетілген Жұмыспен қамту, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарындағы зорлық-зомбылықты жою, еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтықты азайту мәселелері ерекше назар аударуға лайық”, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Г. Жұмағелдиева.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу қажеттілігін анықтады.