Еске алу турнирі өтті

«Кәрім Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ спорт залында Қарағанды облысы Нұра ауданының білім беру қызметкерлері арасында Нұрлан Халелұлы Сүлейменовты еске алуға және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан жарыс өтті.

Жарысты ашқан Нұрлан Сүлейменовтің ұлы Жомарт, спорт ардагері Ержан Ниязбеков, Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Виктор Макус, Қ. Мыңбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Нұркен Шахметов, Нұра ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Адамбай Мұстафин, сондай-ақ Еділ Жүсіпов, Ерболат Жүсіпов, Серік Сүлейменов Нұрлан Сүлейменовтің спорттық және қоғамдық өмірбаяны туралы айтып берді.

Жарысқа сегіз топ қатысты. Айта кету керек, ойындар тартысты өтті, барлық қатысушылар жеңіске жетуге тырысты. Әуесқой спортшылар да өздерінің жақсы көрсеткіштерін көрсетті.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және мадақтамалармен марапатталды.

Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының Нұра ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Адамбай Мұстафин Жомарт Сүлейменовке спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені және салауатты өмір салтын насихаттаудағы үлесі үшін алғыс айтып, Нұра ауданының білім беру бөлімінен Алғыс хат табыс етті.

Турнир соңында ардагер-спортшының құрметіне ас ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар барлық ардагер-спортшыларды еске алу кешіне қатысты.