Ардагерлер қамқорлыққа бөленді

2021 жылғы 18 қарашада Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алаңында Төраға Д.Айтжанова, салалық, жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері филиалдарының төрағалары және “Замандас-Павлодар” Қоғамдық қорының басшысы Нұрбану Әмірғалиеваның қатысуымен кәсіпорындардың ұжымдық шарттарымен реттелген өндіріс ардагерлерін әлеуметтік және сауықтыру қолдау шаралары талқыланды.

“Замандас” облыстық ардагерлер клубы 2009 жылдың 29 желтоқсанында Павлодарда ашылды. Осы жылдар ішінде клуб облыс ардагерлерінің демалысы, кездесулері, спорттық іс-шаралары, қарым-қатынасы үшін жайлы үйге айналды.

Диалог алаңына қатысушылар “Замандас-Павлодар” ҚҚ-мен зейнеткерлер мен ардагерлерді емдеу және сауықтыру мәселелерін талқылады.

“Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Бурабай курорттық аймағында Павлодар облысының 30 педагогикалық еңбек ардагерлерінің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы бастамаларымен бөлісті. “Көктал Тау” отбасылық-сауықтыру орталығында 10 күн бойы педагогикалық еңбек ардагерлері пантымен емделіп, сауықтыру рәсімдерінен өтіп, денсаулықтарын түзетті.

Энергетиктер ардагерлерінің кеңесінде МАЭС-1 қызметкерлерінің есебінде 198 адам тұр, бұл – еңбек демалысына шыққан немесе мүгедектік себебі бойынша кәсіпорыннан босатылған кәсіпорын қызметкерлері. Ұжымдық шарт станция ардагерлеріне де қолданылады. Ұжымдық шартта зейнеткерлер үшін бірқатар жеңілдіктер мен өтемақылар қарастырылған: ай сайынғы материалдық көмек төленеді, санаториялық-курорттық емдеу құнының өтемақысы, Энергетик күніне және Қарттар күніне біржолғы сыйақы, мерейтойлық күнге байланысты материалдық көтермелеу жүргізіледі.

“Еуразия медициналық орталығында” Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары үшін “Қазхром” ТҰК” АҚ диагностикалау және емдеу, сауықтыру және оңалту ем-шараларын қабылдау үшін медициналық қызметтердің толық кешенін құрды. Зауыттың қызметкерлері мен ардагерлері қажетті медициналық процедураларды алып, зауыттық профилакторийде демала алады.

Екібастұз МАЭС-2 кәсіподағы жұмыскерлерді сауықтыру жұмыстарын жүргізуде. Биыл кәсіподақ комитеті шипажайлармен келісім-шарт жасасты, бүгінгі таңда 30-ға жуық адам ем алды.

Павлодар облысында коронавирус пандемиясы мен карантиннің күрделі кезеңінде “Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподағы” ҚБ “Павлодар мұнай – химия зауыты” ЖШС бастауыш партия ұйымымен, еріктілер қозғалысының өкілдерімен бірлесіп зауыттың 75 жастан асқан 130 ардагеріне және Павлодар мұнай-химия зауытында жұмыс істейтін 10 еңбегі сіңген бокс ардагер жаттықтырушыларына көмек көрсетті.

“Құрметті демалыстағы еңбек ардагерлеріне көмек көрсету және қолдау көрсету кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестікте кәсіподақ ұйымдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мақсаты бір – сауықтыру және оңалтуды қолдау, ардагерлер мен зейнеткерлер үшін ұжымдық шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау”, – деп атап өтті кездесу модераторы Д.Айтжанова.