Білім саласының үздіктері марапатталды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында білім беру саласында қажырлы қызмет атқарған еңбек ардагерлері құрметке бөленді. Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шарада «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына айрықша сіңірген еңбегі үшін» алтын төсбелгісімен білім саласының ардагерлері Мадина Кужантаева мен Зәуреш
Алтынбаева марапатталды.

Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті «Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, кәсіподақ комитетінің мүшесі Жайнагүл Жаншақызының кеудесіне «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды.