Кәсіподақ өкілі “Еңбек саласындағы медиация” тақырыбында өткен тікелей эфирге қатысты

2021 жылғы 18 қарашада Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі М.Иванова “HALYQ RADIOSY” тікелей эфирінде “Еңбек саласындағы медиация” тақырыбында сөз сөйледі.

Тікелей эфирде спикер еңбек дауы ұғымы және оны шешу тәртібі, келісу комиссияларының жұмысы, еңбек дауларын баламалы тәсіл арқылы шешу жөніндегі татуластыру орталығының қызметі – Медиация, 2018 жылғы 27 маусым ашылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін, 2018 жылғы 29 наурыздағы Меморандумды іске асыру бойынша Павлодар облысының соттарымен ынтымақтастық туралы айтып, еңбек дауы тараптарының татуласуының нақты мысалдарымен бөлісті.

Тыңдаушылардың назарына татуластыру орталығының жұмысында қолданылатын еңбек дауларының алдын алу міндеттерін шешу бойынша тәсілдер ұсынылды: татуластыру орталығына жүгінушілер үшін жеңілдікті жағдайлар жасау, келісу комиссияларын оқыту, диалог алаңдарын ұйымдастыру, 87088614656 жедел желісі бойынша 24/7 режимінде онлайн консультациялар өткізу, мобильдік консультациялық пункттер арқылы еңбек ұжымдарына бару арқылы еңбек заңнамасын түсіндіру.

Татуластыру орталығы жұмыс істеген кезеңде жүгінген 3000-нан астам адам заңгерлік кеңестер алды, қызметкерлердің пайдасына Медиация туралы 750-ден астам келісім жасалды.

Медиацияның бірегей механизі еңбек дауларын реттеудің баламалы тәсілі ретінде бірқатар артықшылықтарға ие: тараптардың өздері ерікті түрде орындайтын шешімді әзірлейді, келіссөздер алгоритмін, бірыңғай шешімді әзірлеу рәсімін айқындайды. Бұл ретте тараптар үшін ақпараттың құпиялылығына “Медиация туралы” ҚР Заңы кепілдік береді.