Қаржыгерлер марапатталды

Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы облыстық ұйымы аудандық комитеті филиалының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінде “Теңге – ұлттық валюта” тақырыбында мерекелік шара өтті.

Шара барысында облыстық білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманғалиева және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы аудандық комитеті филиалының төрайымы Қ.Дүзбаева сөз сөйлеп, қаржыгерлерді атаулы күн мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін білім бөлімі басшысы мен кәсіподақ ұйымының төрайымы ұзақ жылдардан бері осы жауапты салада мінсіз қызмет етіп келе жатқан бір топ қаржыгерлер мен түрлі санаттағы есепшілерге облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлының атынан құрмет грамоталарын, құттықтау хаттары мен мерекелік сый-сияпаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Олардың қатарында Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталған Жанбай балалар саз мектебінің есепшісі Назгүл Айтуарова, аудандық білім бөлімінің бас есепшісі Роман Каримов, «Балдәурен» бөбекжай балабақшасының есепшісі Рита Асанғалиева, «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасының есепшісі Нұрғаным Үтешова, Ж. Мырзағалиев орта мектебінің есепшісі Құралай Қабдолова, Абай орта мектебінің есепшісі Зоя Қасымқұлова, Ю. Гагарин орта мектебінің есепшісі Гүлнар Сатқанова, Жаңа Жанбай бастауыш мектебінің есепшісі Ботакөз Жұбанова, Новобогат орта мектебінің есепшісі Зоя Жұмакалимова және құттықтау хатқа ие болған Алтынай Садыхова секілді сала қызметкерлері бар.