Қызылорда қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б.Нұридинов төрағалығымен қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту көрсеткіштерінің орындалу барысы мен Жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары бойынша кәсіподақтар жұмысы туралы хабарламалар тыңдалып, талқыланды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінен үшжақты комиссия жұмысына Қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әкімдік пен кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында жасалған Меморандумдардың орындалуы барысы туралы талдама жасау ұсынылды.

Кәсіподақтар тарапынан осы Меморандумдарға сәйкес комиссия отырыстарында жұмыс берушілердің Ұжымдық шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындауы бойынша ақпарат тыңдау, ұйымдарда Ұжымдық шарттардың сапасын арттыру мақсатында оларды қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру деңгейін мониторинглеу, мекемелерде құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы оқуларды ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірілді.

Еске сала кетсек, облыс көлемінде ағымдағы жылы 856 кәсіпорын мен мекемелермен жоғарыда аталған еңбек қатынастары мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумдар жасалған.