«SENIM» салалық кәсіподағының филиалы алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салаларда түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

17 қарашада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының Кеңес отырысы алдағы мерекелік іс-шаралар жоспарын талқылады.

Филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлы ұйымдастырылатын шараларда сала қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, кәсіподақ мүшелерін ынталандыру маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, төраға жалпы жыл көлемінде филиал тарапынан және бастауыш ұйымдарда атқарылған жұмыстар барысын қорытындылау туралы да айтты, Кеңес мүшелері өз ұсынымдарын білдірді. Кеңес отырысы нәтижесімен салалық кәсіподақ құрамындағы бастауыш ұйымдарда межеленген мерекелік шаралар жоспары пысықталып, қабылданды.