«Заңды білу – лайықты өмір сүру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұлы ғұлама Әл-Фараби.

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ бастамасымен «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының базасында тәрбелік маңызы бар «Заңды білу – лайықты өмір сүру» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауатын арттыру және оқушылар арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Аталған іс-шараға оқушылармен қатар, арнайы шақырылған мамандар – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы филиалының, Татуласу орталығының басшысы, «QALYQQA QYZMET» заң консультанттары палатасының заңгер-консультанты Света Шардарбекова, Қарағанды облысының жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Динара Мутубаева, Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Әсел Омарова және «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ қызметкері Бақытгүл Игенова қатысты.

Татуласу орталығының басшысы Света Шардарбекова өз сөзінде балалардың еңбек құқықтарына, татуласу рәсімдерінің қоғамдағы рөлі және Татуласу орталығының жұмысына тоқталды.

Оқушылар тарапынан Татуласу орталығының артықшылығы, қаралған өтініштер саны, өтініштердің сипаты туралы сұрақтар туындап, мазмұнды жауап қайтарылды.

Жалпы кездесу нәтижелі болды, дарынды балалармен болған кездесу ерекше әсер қалдырды.