Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы диалог алаңын өткізді

2021 жылғы 19 қарашада Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері “Балалы отбасылардың құқықтарын қолдау бойынша кәсіподақ қызметі” тақырыбында диалог алаңын өткізді.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімде, салалық және өңірлік келісімдерде, кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында ана мен баланы қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерді әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешу, балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді қолдау бойынша тараптардың міндеттемелері қаланған”, – деп атап өтті Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Р.Даумова.

Өңірдің түрлі өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істейтін Комиссия мүшелері балалармен жұмыс істейтін аналарға қабылданған ұжымдық шарттарда көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беру ерекшеліктерімен бөлісті.

Комиссия мүшесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы О.Корягина “ЕRGServise” ЖШС кәсіпорнында үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста жүрген аналарға 5000 теңге ай сайынғы жәрдемақы түрінде материалдық қолдау көрсету бойынша ұжымдық шартты қабылдау тәжірибесімен бөлісті.

Комиссия мүшесі, “КSPSteel” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары А.Горланова кәсіпорында балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы бөлісті.

“Келешек” жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Г.Атабаева бала құқықтарын қорғау және оны Қазақстан Республикасы ратификациялау туралы конвенцияның қабылданған тарихы, Конвенцияның негізгі ережелері туралы айтып берді.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша қатысушылар комиссия жұмысының одан арғы іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізді.