ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай баскетболдан республикалық турнир өтті

“Қызмет” кәсіподағының Павлодар облыстық филиалы оның мүшелері болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өміріне белсенді қатысады. 2021 жылғы 20 қарашада Еуропалық баскетбол апталығы шеңберінде ментальді бұзушылықтары бар қызмет алушылар командалары арасында баскетболдан республикалық турнирдің ашылуы өтті. Турнирді “Спешиал олимпикс Қазақстан” республикалық комитеті мен Мичурин психоневрологиялық орталығы Н.Абашевтің басшылығымен ұйымдастырды.

Турнирге қатысу үшін Павлодар қаласына Қазақстанның 4 өңірінен – Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Ақмола облысы мен Павлодардан 8 команда келді. Айта кету керек, арнайы Олимпиадалық қозғалыс республикада сәтті дамып келеді және психикалық ауытқулары бар адамдардың денсаулығына тиімді әсер етеді, олардың қоғамға кірігуіне көмектеседі. Бұл турнирге Павлодардан келген 3 команда қатысады. Бұл – Мичурин мекемесінің әкімшілігінің үлкен еңбегі, ол оңалтудың осы түрін дамытуға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды біріктіруге бар күшін салады. Мичурин психоневрологиялық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы ағымдағы жылы республикадағы ең үздіктердің бірі болды. Спорттық турнир екі күн – 20-21 қарашада Павлодар қаласының БЖСМ-2 спорт залында өтті.