Үздік ауыл әкімі анықталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» ІІ республикалық байқауын ұйымдастырды.

Шараның қорытындысы бойынша «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат  Жақыпов сайысқа қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

19 қараша күні Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали  Есқалиев «Үздік ауыл әкімі» ІІ республикалық байқауында І жүлделі орынды иеленген Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Жамбыл Алғадай Жамбылұлын жеңісімен құттықтап, байқау жеңімпазына диплом, «Үздік ауыл әкімі» мүсіншесін, естелік сыйлық табыстап, алдағы уақытта жұмысына жаңа жетістіктер тіледі.

Байқау барысында «Үздік» атағына үміткерлер арасында облыстық және республикалық деңгейде ең көп ұпай жинап, Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл Жамбылұлы Қазақстанның үздік ауыл әкімі атанды. Алғадай Жамбылұлы Тасқала ауданында туып өскен, мамандығы – мұғалім. Қызмет жолын туған жерінде бастап, 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеуде.

Ол қорытынды кезеңде ауыл шаруашылығы кооперативтерін енгізу арқылы ет, сүт өнімдерін қайта өңдеу және қосымша жұмыс орындарын құру жобасын қорғады.