Үйлестіру кеңесінде бірқатар мәселелер талқыланды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті.

Күні тәртібінде 2021 жылдың 18-22 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегацияның Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Брюссельдегі кеңсесіне, Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы штаб-пәтеріне сапары аясындағы кездесулері, сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қарашасында Ташкент қаласында ҚР КФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы төрағасының Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін (ОАЕКК) құру туралы хаттамаға қол қойылғаны талқыланды.

Сонымен қатар, ҚРКФ тапсырмасына сәйкес «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу бойынша салалық кәсіподақ басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай марапаттаулар бойынша ұсыныс-тілектер тыңдалды.