Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Қоғамдағы дау-дамайлардың деңгейін төмендетуге және қолайлы құқықтық орта құруға ықпал ететін құқықтық даулар мен жанжалдарды сотқа дейін және соттан тыс реттеуді жан-жақты дамыту және енгізуге байланысты өзара іс-қимылдарды нығайту мақсатында Қарағанды облысының Жезқазған қалалық соты мен Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасы филиалы (татуласу орталығы) және «Zolotaya seredina-SM» ҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Меморандум тараптары татуластыру рәсімдерін, оның ішінде дауларды шешу кезінде медиацияны қолдануға ерекше назар аударады.

Сонымен қатар, бірлескен күш-жігердің арқасында қоғамдағы дау-дамайлардың деңгейін төмендетуге және сот талқылауына қатысушылар арасында келісімге қол жеткізуге болатыны атап өтілді.

Медиаторлардың халыққа қызмет көрсетуін және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында, Меморандум тараптары тұрақты негізде әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты бірлескен кездесулер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және т. б. өткізуге келісті.