Ауыл шаруашылығының үздіктері марапатталды

Қарағанды Кәсіподақтар мәжіліс залында Қарағанды облысы ауыл шаруашылық, қайта өңдеу және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған және Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің төл мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

Оған қазіргі уақытта болып жатқан пандемия дертіне байланысты шектеулерді ескере отырып, осы салада жұмыс жасап жұрген бірқатар кәсіподақ өкілдері, ардагерлер, ауыл, аудан әкімдері, еңбек озаттары, кәсіподақпен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген әлеуметтік әріптестер шақырылды. Жиынғ «Ауыл шаруашылық қызыметкерлерінің салалық кәсіподағы» бірлестігінің төрағасы Егор Каппель, төраға орынбасары Л.Иманбаева қатысты. Жиынды Қарағанды облысы ауыл шаруашылық, қайта өңдеу және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Кеңесгүл Жүзбайқызы ашып:
– Біздің кездесуіміз егемен еліміздің Тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. 16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Бүгінгі шара осы ерекше айшықты мерекеге орай еңбек озаттары мен ардагерлерді марапаттауға арналған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», – деген болатын. Сондай-ақ, аталмыш саланы дамытудың нақты тетіктерін жетілдіруді, еңбек өнімділігін арттыру, шаруашылықты қолдауға арналған бағдарламаларды тиімді пайдалану, отандық өнімнің көлемін арттыруды тапсырды. Осындай түбегейлі іс-шаралардың нәтижесінде егемендік алған шақтан ауыл шаруашылығына шырай кіріп, іргелі шаруашылықтар көбейді. Кенді аймақ Қарағанды облысы да осы жылдар ішінде аграрлы салада толайым табысқа жетті. Республикалық ауыл шаруашылығы кәсіподағы ұйымының төрағасы Егор  Каппель өз сөзінде еңбек озаттарын құттықтап, кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі заман талабына сай атқаратын рөлін тілге тиек етті.

Одан соң салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тағайындаған марапаттар тапсырылды.