Кәсіподақ қызметкерінің Әдеп кодексі талқыланды

2021 жылғы 23 қарашада Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында салалық кәсіподақ бірлестіктерінің жергілікті, филиалдарының өкілдері Кәсіподақ қызметкерінің Әдеп кодексінің жобасын талқылады.

Ұсынылып отырған жобада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ қызметкерлерінің және оның мүшелік және ведомстволық бағынысты ұйымдарының мінез-құлық нормалары мен қағидалары және этикалық нормаларды сақтамағаны үшін ықпал ету шаралары белгіленді.

Әдеп кодексіне кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы мүшелері мен жұмыскерлерінің моральдық-этикалық міндеттері, сайланбалы мүшелері мен кәсіподақ ұйымдары жұмыскерлерінің ұсынымдық этикалық қағидалары, Кәсіподақ қызметкерінің этикасына байланысты шектеулер, кодексті сақтамағаны үшін жауапкершілік енгізілген.

Диалог алаңының өкілдерінен Кәсіподақ қызметкерінің Әдеп кодексін сақтамағаны үшін жауапкершілік шараларын анықтауға бағытталған жобаны өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар келіп түсті.