Медициналық ұйымдар арасында волейболдан облыстық турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау, медицина құрылымдарының қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы 2021 жылдың 12 қарашасы мен 21 қарашасы аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжі базасында Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасында волейболдан облыстық біріншілік турнирін өткізді.

Волейбол – бұл командалық спорт түрі, облыста және республикада ең көп таралған ойындардың бірі. Жарысқа қатысу нәтижесі команда мүшелерінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі. Барлық волейболшылар бәсекеге дайын болды және керемет қасиеттерді көрсетті.

Жеңімпаз атағы үшін 11 ерлер және 7 әйелдер командалары жарысты. Командалар облыстың медициналық ұйымдары қызметкерлерінен құрылды. Волейболдан облыстық біріншілік турнирінде 40-тан астам ойын ойналды.

Волейболдан облыстық турнирге қатысатын ерлер командалары Павлодар облыстық ауруханасы, Павлодар облыстық балалар ауруханасы, Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, Павлодар облыстық онкологиялық диспансері, Павлодар қаласының № 3 емханасы, “Семей медицина университеті” КЕАҚ ПФ, Павлодар медициналық жоғары колледжі, Стоматология, Шарбақты аудандық ауруханасы, Ақтоғай аудандық ауруханасы және Тереңкөл аудандық ауруханасы ұжымдарынан құрылды.

Волейболдан облыстық біріншілік турниріне қатысатын әйелдер командалары Павлодар облыстық балалар ауруханасынан, Павлодар облыстық онкологиялық диспансері, Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы, Павлодар қаласының № 3 емханасы, “Семей медицина университеті” КЕАҚ ПФ, Павлодар медициналық жоғары колледжі және Тереңкөл ауданының ауруханасы ұжымдарынан тұрды.

Абсолютті жеңімпаз атағы үшін күрес он күнге созылды. Ойын нәтижелері бойынша қалалық деңгейде ерлер командалары арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің командасы, 2 орын – Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы және 3 орын – Стоматология командасы; әйелдер командалары арасында: 1 орын – Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы, 2 орын – Павлодар қаласының № 3 емханасының командасы және 3 орын – Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасы.

Командалар арасындағы тартыс облыстық турнирде өрбіді. Финалдық ойын нәтижесінде облыстық турнирде жүлделі орындар келесідей бөлінді:

– ерлер арасында:
1 орын – Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің командасы;
2 орын – Шарбақты аудандық ауруханасының командасы;
3 орын – Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы.

– әйелдер командалары арасында:
1 орын – Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы;
2 орын – Тереңкөл аудандық ауруханасының командасы;
3 орын – Павлодар қаласының № 3 емханасы.

Жарыс соңында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы Жастар кеңесінің төрағасы С.Исина барлық қатысушыларға әдемі ымырасыз ойыны үшін алғыс айтып, командаларға жүлделі кубоктар, медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ” РҚБ Павлодар облыстық филиалы волейболдан облыстық турнирге қатысқан медициналық ұйымдарға алғысын білдірді және Павлодар медициналық жоғары колледжінің дене шынықтыру оқытушысы Н.Сидоровқа және төрешілерге жарыстарды тиісті деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысын білдірді.