Павлодар облысының білім беру қызметкерлері арасында “Өнерді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!” атты байқау өтті

23 қараша күні Тереңкөл ауылында Павлодар облысының білім беру қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Өнерді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!” байқауы өтті. Байқауға Павлодар, Успен, Железин аудандары мен Тереңкөл ауданының ұжымдары қатысты.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Павлодар облысының білім басқармасы және “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және тереңдету, білім беру қызметкерлері арасында дарынды орындаушыларды анықтау және олардың одан әрі шығармашылық дамуына ықпал ету мақсатында өткізілді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық ансамбль.

Байқау қорытындысы бойынша “Вокал” номинациясы бойынша Успен ауданы, “Хореография” номинациясы бойынша Павлодар және Успен аудандарының ұжымдары, “Аспаптық ансамбль” номинациясы бойынша Тереңкөл ауданының ұжымы жеңімпаз атанды.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Науразбаева еліміздің егемендігін қалыптастыруда педагогикалық қоғамдастықтың маңызды рөлін атап өтті. Гүлбарам Әуезханқызы облыстық байқаудың барлық қатысушыларына қоғамдық бірлестіктің алғыс хаттарын табыс етті.

Байқау Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында өтеді, оған 200-ден астам педагог қатысады.