Спорт мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде» бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесуде Мәдениет, спорт, ақпарат, туризм салалық кәсіподағы филиалының бас маманы Берік Көпбаев және заңгер Малина Башарова ұйымның ашылуымен құттықтап, кәсіподақтың қызметін әрі оның қолдауын түсіндірді.

Аталған мектептің психологы Ильмира Серімбетова бастауыш ұйымның төрайымы болып бірауыздан сайланды. Мекеме директоры Нұржан Әубәкіров те кәсіподақ мүшелігіне кірді. Жалпы ұжымда 50-ге жуық қызметкер еңбек етеді.

Қазіргі уақытта спорт мектебінде 400-ден аса мүмкіндігі шектеулі спортшылар 17 спорт түрімен жаттығады. Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап олар республикалық және халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта спорт мектебінің ұжымы кәсіподақтың қолдауын сезінетін болады.