Халықаралық дөңгелек үстел өтті

Халықаралық еңбек ұйымының №190 Конвенциясын қолдануды ілгерілетуге және ратификациялауға байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысының салалық кәсіподақ бірлестіктерінің бастауыш, жергілікті, филиалдарының өкілдері, Павлодар облысының аумақтық бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты, оның бағдарламасы бойынша “Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы” ХЕҰ №190 Конвенциясын қолдануды ілгерілетуге және ратификациялауға байланысты мәселелер талқыланды.

Спикерлер ретінде Халықаралық еңбек ұйымының Еңбекшілер қызметінің Еуропа және Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас, ВЕРС ЖПО кеңесшісі Невераускайте, АКТРАВ ХЕҰ еңбекшілермен жұмыс жөніндегі аға маман Виктор Рикко, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы еңбекшілерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Махмуд Исаев, Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының жұртшылықпен байланыс және халықаралық қатынастар жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі Джамшед Юнусов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісті.