Өңірлер «Nur Otan» партиясы саяси кеңесіне қатысты

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті.

Саяси кеңеске партия төрағасы Елбасы Н.Назарбаев төрағалық етті. Кеңес отырысына өңірлерден облыстық филиал төрағалары мен партия белсенділерді қатысты. Саяси кеңесте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.

Кеңес отырысына қатысушылар қатарында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев та қатысты.