Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Шымкент қаласында өткен “Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің ІІІ Пленумында кәсіподақ қозғалысына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Сұлтан Қалиев, Қазақстанның Еңбек ері, «Теңізшевройл» ЖШС-нің менеджері Руслан Қуатов, “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысып, кәсіподақ ардагерлері мен кәсіподақ белсенділеріне марапаттарды табыстады.

Жиында кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамыту және кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибелерімен, сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысында елелі үлесін қосқан кәсіподақ төрағалары мен мүшелері ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен, “Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің ең жоғарғы төсбелгілері және Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан бөлек, ҚР Энергетика министрінің арнайы төсбелгісі мен Алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар, 2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы аясында өткізілген байқау-сайыс нәтижесінде «Теңізшевройл» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы “Үздік бастауыш ұйым” деп танылып, арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.