“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” халықаралық акциясы бастау алды

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында іс-шаралар басталады. Негізгі мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және онымен күресу.

Акцияның негізгі міндеті – қоғам назарын екі шұғыл проблемаға аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру
Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған жұмысшы әйелдер құқығын қорғау комиссиясының аталмыш акцияның мақсат-міндеттерін насихаттау мақсатында жыл сайын Батыс Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін жұмыла шешу мақсатында 2019 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы, Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі, «Жайық дауысы» ҚБ және «Жайық таңы» ҚБ арасында өзара ынтымақтастық және іс-қимыл жасасу меморандумы жұмыс жасап келеді.