Медиация тәртібінің қолданылуы туралы тікелей эфир өтті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі М.Иванова Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде “МИР” өңіраралық Медиация орталығы” ЖМ ұйымдастырған “Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану” тақырыбы бойынша тікелей эфирде сөз сөйледі.

Спикер тікелей эфирде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының қызметі туралы айтып, еңбек дауы тараптарының татуласуының нақты мысалдарымен бөлісті.

Тыңдаушылардың назарына татуластыру орталығының жұмысында қолданылатын еңбек дауларының алдын алу міндеттерін шешу бойынша тәсілдер ұсынылды: татуластыру орталығына жүгінушілер үшін жеңілдікті жағдайлар жасау, келісу комиссияларын оқыту, диалог алаңдарын ұйымдастыру, 87088614656 жедел желісі бойынша 24/7 режимінде онлайн консультациялар өткізу, мобильдік консультациялық пункттер арқылы еңбек ұжымдарына бару арқылы еңбек заңнамасын түсіндіру.

Татуластыру орталығы жұмыс істеген кезеңде жүгінген 3000-нан астам адам заңгерлік кеңестер алды, қызметкерлердің пайдасына Медиация туралы 750-ден астам келісім жасалды. Тараптар үшін ақпараттың құпиялылығына “Медиация туралы” ҚР Заңы кепілдік береді.

Эфир қорытындысы бойынша спикер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кәсіби медиаторларының сұрақтарына жауап берді.