Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты Түркістан облыстық «Ветеринарлық қызмет» МКК-да жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Жалпы ұжымда 42 қызметкер еңбек етеді.

Алғашқы бастауыш кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысын мекеме басшысы Е.Оспанов ашты. Одан кейін сөз алған Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой қарсаңында жаңадан ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымының мақсат-міндеттерін түсіндіріп, оның төрағасын сайлау рәсімін өткізді. Нәтижесінде жиынға қатысушылар дауыс беру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалығына ұсынылған Альбет Оразбековтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Жаңа тағайындалған кәсіподақ ұйымының төрағасына саланы дамытудағы жұмысына сәттілік тілеген мекеме басшысы Есен Әбілқайырұлы жиналысты қорытындылады.